• Валюта бағамы: USD 88.32 | EUR 11.08 | RUB 348.14 | CNY 169.95 |

Қордайда ерекше балаларға арналған ойын-сауық кеші ұйымдастырылды

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды Балалар жылы деп жариялап, оларды қорғау үшін денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау бағытында нақты шаралар қолға алынуы керек екенін айтып, тапсырма берді. Президент өскелең ұрпақтың болашағына мән беріп, жастарға зор үміт артатынын, сондықтан да оларға жол ашу үшін барлық жағдайды жасау керегін нақтылады.

Осыған орай Қордай ауданында балалар үшін, оның ішінде ерекше қамқорлықты қажет ететін балалар үшін түрлі шаралар жасалуда.  Үкімет басшысының тапсырмасымен ауылдық жерлердегі балалардың денсаулық жағдайына скринингтік, стоматологиялық  тексерулер жүргізілуде.  Спорт алаңдары жабдықталып, ойын-сауық, мәдени іс-шаралар ұйымдастырылуда.

Осындай игі шаралардың үнемі баснда жүретін «Үміт сәулесі-Қордай» қоғамдық – қайырымдылық қоры өткен аптада аудан орталығындағы саябақта он бес мүмкіндігі шектеулі балаларға ойын-сауық бағдарламасын ұйымдастырып, көңілдерін аулады. Бұл іс-шараға жергілікті әкімдік пен кәсіпкер К. Мүсірәлі мырза да атсалысып, балалардың барлық аттракционда алаңсыз көңіл көтерулерін қамтамасыз етті.

-«Үміт сәулесі — Қордай» қоғамдық – қайырымдылық қорының басшысы Камильжан Исмаилов мырзаға алғысымыз шексіз. Осындай мүмкінідігі шектеулі балаларды үнемі қолдап, түрлі шаралар ұйымдастырып, көңілдерін аулайды.  Қиындыққа тап болғанда балалардың ата-аналарына қолдау көрсетіп, түрлі мәселелердің шешімін табуға көмектесіп, тығырықтан шығуға қол ұштарын аямайды. Арасында азық-түлікпен де қамтамасыз етіп отырады, -дейді ерекше бала бағып отырған ана.

— Қайырымдылық жүрекпен, ізгі ниеттепен жасалуы керек. Қайырымдылық жасау үшін аса бір бай болу міндет емес. Бірінші орында мейірімді жүрегің мен таза ниетің болса болғаны, қиын жағдайда қалған адамға кез-келген адам қол ұшын соза алады.  Біздің қордың мақсаты  осындай игі істерді, акцияларды, ерекше балаларды қолдау, оларға дер кезінде қол ұшын созу, — дейді қор басшысы Камильжан Исмаилов.

 

 

 

 

Пікір қалдыру