SPIKER.KZ ақпараттық-сараптамалық портал
  • Валюта бағамы: USD 88.32 | EUR 11.08 | RUB 348.14 | CNY 169.95 |

Облыс әкімі «Меркі қант» зауытының басшылығына қызылша өсіріп отырған аудандармен логистикалық байланыс орнатуды тапсырды

0

Облыс әкімі  Нұржан Нұржігітов Меркі ауданына кезекті іссапармен барып, аудандағы бірқатар өнеркәсіптік, ауылшаруашылығы және әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты.

Аймақ басшысы  Аспара, Ақмерен ауылдық округтеріне ат басын тіреп, ондағы бірқатар нысандардың жай-күйімен танысты. Ауыл тұрғындарымен кездесіп, халықтың өзекті сауалдарына жауап берді.

— Облыс аумағындағы барлық елді мекендерге, ондағы тұрғындарға қолайлы жағдай жасау – басты талап. Барлық мәселелер кезең-кезеңімен шешімін табады,-деген облыс әкімі ауылдықтарға пилоттық жоба аясында жеңілдетілген несие беру, ауылды абаттандыру жұмыстары жоспарланып отырғандығын жеткізді.

Акыл тұрғындарымен кездесуден кейін  облыс әкімі ауданның бас кәсіпорны саналатын «Меркі қант» зауытына барып, өндіріс орнының басшылығымен жергілікті қызылшаны қабылдауға деген дайындығын талқылады.

Былтырғы жылы жергілікті қызылшаның өндірістегі үлесі 39,2 пайыздан 52,3 пайызға дейін өсті. Осыған байланысты өңір басшысы Жамбыл ауданының 2000 гектары мен Байзақ ауданының 700 гектарынан қызылша қабылдауды ұйымдастырып, логистикалық байланыс орнатуды тапсырды. Биыл мұнда 200 мың тонна қант қызылшасы түседі деп күтілуде.

Сонымен қатар, айбасқ басшысы Гранитогорск ауылындағы  «Bester Yard» ЖШС-нің балық және балық өнімдерін өңдеу жобасымен де танысты.

Облыс әкімінің аудандағы жұмыс сапары әкімдікте өткен актив жиынында түйінделді.

Жиында аудан әкімі Жорабек Баубеков атқарылып жатқан жұмыстар мен әлеуметтік мәселелерді шешу жоспары бойынша баяндама жасады.

Облыс әкімі  жеке инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, әр ауылда бір бағытта жұмыстар жүргізу, асар әдісімен үй салу, күл-қоқыстар шығару, субсидия беру шараларының орындалуына қатысты аудандық бөлімдер мен ауылдық округ әкімдерінің есебін тындады.

Жиын соңында Нұржан Нүржігітов мемлекет басшысының әр 10 мың адамға 100 жаңа жұмыс орнын ашу тапсырмасы міндетті түрде жүзеге асуы тиіс екендігін,барлық отбасының тұрақты табыспен қамтылуын, мемлекеттік қолдаулар мен көмектер әр ауылға, шаруалар мен кәсіпкерлерге жетуі керек екендігін, халықтың тұрмысын арттыру, мәселесін шешу — басты талап екнедігін баса айтты.

Пікір қалдыру

Қазақша