• Валюта бағамы: USD 90.45 | EUR 12.09 | RUB 349.13 | CNY 175.65 |

Облыс экономикасының дамуында ауылшаруашылық саласының үлесі үлкен

0

Жамбыл облысы Шу ауданында «Егінжай күні — 2022» семинары өтті. Семинарға облыс әкімі Нұржан Нұржігітов, аудан әкімдері, ауылшаруашылық саласына жетекшілік ететін әкім орынбасарлары, ғалымдар және тәжірибе алмасу мақсатында арнайы мамандар шақырылды. Семинарға еліміздің басқа да аймақтарынан келген он бес компания отызға жуық ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдық түрлерін ұсынды.

Семинарға қатысушар алдымен аванкамерамен және  «Келет» компаниясының насос қондырғыларымен, техника, тыңайтқыш, пестицид пен тұқым көрмесімен, «Qyzylsha» ЖШС-нің қант қызылшасы, картоп, дәндік жүгері, мақсары және «Шығын» ШҚ-ның пияз алқабымен танысты. Сондай-ақ,  «Volmant» компаниясының су үнемдеуге негізделген «Valley» қондырғыларын көрді.

Семинардың ашылуында сөз сөйлеген аймақ басшысы  ауыл шаруашылық саласы облыс экономикасын алға ілгерілуіне  үлкен септігі барын жеткізді.

-Биыл ауа-райының  қолайлы болуына байланысты егін бітік шықты.  2002 жылы облыс аумағында ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік көлемі 756 мың гектарды құрап, былтырғы  жылмен салыстырғанда 5,4 мыңға артып отыр. Диқандарымыз  дәнді дақылдарды жинауды аяқтап, әр гектарынан 19 центнерден өнім алынды. Картоп, бақша,  көкөніс  және майлы дақылдарды да жинау жиналып жатыр.  Алайда туындап жатқан мәселелер де аз емес.

2022 жылға мемлекеттік қолдау шараларына 31,2 млрд. теңге бөлініп, өткен жылмен салыстырғанда 12 млрд. теңгеге артты. Бүгінгі күнге 11 млрд. теңге қаржы игеріліп, 6,6 мың шаруашылыққа субсидия төленді. Әр шаруа мемлекеттік қолдауды сезініп отыр.

Қазіргі таңда  34,2 мың тонна тыңайтқыш алуға келісім-шарт жасалып, оның 32,1 мың тоннасы шаруаларға жөнелтілді.

Сондай-ақ, бүгін біз қант қызылшасын өсірудің озық технологиясымен таныстық. Жалпы облыс бойынша 120 мың тоннадан астам қант қызылшасы  жиналады деп күтілуде.

Тағы бір шешімін күттіртпейтін мәселе  — ауылшаруашылығы техникалары жаңарту және су үнемдеу технологияларын енгізіу.  Жер анадан молу өнім алу үшін бірінші кезекте қолға алынатын шаруалар, — деді Нұржан Нұржігітов.

Бүгінгі таңда аймақ бойынша 12 316 дана ауыл шаруашылығы техникасы тіркелген десек, ағымдағы жылы техникалардың жаңаруын облыс бойынша 11 пайызға жеткізу көзделуде. Сол секілді өңірде су үнемдеу технологиялары осы жылы 50 мың гектар алқапқа орналастырылған.

Аймақ басшысы өз сөзінде ирригациялық жүйелерді қалпына келтіру, жайылым жерлерді тиімді пайдалану бойынша қолға алынған жобаларды да баса айтты.

Семинарға арнайы келген профессор – ғалымдар ауылшаруашылығы саласына байланысты ойларымен бөлісіп, өсімдік, тұқым шаруашылығын дамыту, қызылша мен жүгері сұрыптарын жіті білу, жаңа технологиялардың мүмкіндігін тиімді пайдалану, қой шаруашылығын дамытудың ұтымды тұстары, су үнемдеу қондырғыларын кеңінен енгізу туралы жан-жақты баяндама жасап, аталған бағыттарда бірлесіп жұмыс істеуге, тәжірибе алмасуға дайын екендіктерін жеткізді.

Пікір қалдыру