• Валюта бағамы: USD 90.45 | EUR 12.09 | RUB 349.13 | CNY 175.65 |

Талста үздік спортшылар марапатталды

0

Бүгін Талас ауданында спорт күні мерекесіне орай салтанатты шара өтті. Аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында өткен шараға спортшылар мен жаттықтырушылар, сондай-ақ, спорт ардагерлері қатысты.

Салтанатты шарада аудан әкімі Қанатбек Мәдібек құттықтау сөз сөйледі.

 

– Сіздерді жыл сайын тамыз айының үшінші жексенбісінде тойланатын спорт күнімен шын жүректен құттықтаймын! Мерекемен құттықтай отыра, жаңа жетістіктер мен кәсіби табыстар тілеймін. Әрбір күн шаңыраққа бейбіт өмір, мол жақсылықтар әкелсін.Бұл – спортты жанына серік етіп, онымен беріле шұғылданатындардың, салауатты өмір салтын берік ұстанғандардың мерекесі.

Спортшылардың шеберлігі мен кәсіби деңгейін жоғарылату мақсатында аудан спортшылары республикалық, облыстық біріншіліктерге тұрақты қатысуда. Сондықтан да бұқаралық спорт әрбір адамның өміріне етене серік болады деп және Сіздер келешекте де аудан намысын биікке көтереді деп сенемін.

 

Төл мерекелеріңізде Сіздерге зор денсаулық, жеңіс жолында табыстар тілеймін. Әрқашан Туымызды желбіретіп, Әнұранымызды шырқата беріңіздер. Елдің мерейін асырып, абыройын тасытатын спортшыларымыз көбейе берсін, – деді Қанатбек Қайшыбекұлы.

Шара соңында аудан басшысы

бірқатар спортшылар, жаттықтырушылар мен спорт ардагерлерін аудан әкімінің «Құрмет грамотасы» мен және алғысхаттармен марапаттады.

Пікір қалдыру