• Валюта бағамы: USD 90.45 | EUR 12.09 | RUB 349.13 | CNY 175.65 |

Парламенті Сенатының депутаты Бекболат Орынбеков Талас ауданында

0

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Бекболат Орынбеков жұмыс сапарымен Талас облысына келіп, жөндеу-құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан нысандарды аралады.
Сенат депутатын аудан әкімінің орынбасары Қайрат Серіков және аудандық кеңес хатшысы Қадырбек Саттыбаев басқарды.

Алдымен Тамды ауылдық округіндегі Қойгелді орта мектебіне бағыт бұрған Бекболат Серікбекұлы ондағы құрылыстың қарқыны мен сапасына назар аударды.

Жалпы, күрделі жөндеу жұмыстарына  облыстық бюджеттен 110 млн. теңге қарастырылған. Құрылысқа жауапты «Бриллинт Сапа» ЖШС-і алғашқы кезекте ғимараттың шатырын жауып, одан соң жылу құбырларын жаңартпақ.

Мектептің ішін аралап, жұмыстын баяу жүріп жатқанын сынға алған Сенат депутаты серіктестік өкілдеріне жаңа оқу жылына дейін құрылыстың негізгі бөлігін аяқтауды тапсырды.

 

Мұнан соң Б.Орынбеков бастаған топ қаладағы жетпіс жылға жуық тарихы бар Д.Қонаев атындағы орта мектептегі күрделі жөндеу жұмыстарын көріп, баға берді. Мұнда тиісті міндеттердің 95 пайыздан астамы орындалған. Ішкі сыртқы сылақ, жылу құбырлары, сылау, еден жаңарту жұмыстары толығымен аяқталған. Құрылысқа негізінен жергілікті тұрғындар тартылған. Сәтін салса, тамыз айының соңына дейін пайдалануға беру жоспарланып отыр. Бұл туралы «ТаразЭлитСтрой» ЖШС-нің өкілі Үсен Оқабеков айтып берді.

 

Сонымен қатар, Б.Орынбеков Б.Момышұлы көшесі бойындағы жылу жүретін құбыр жолының құрылыс сапасын арнайы көрді. Көше арқылы 260 метрге 273 диаметрлік жылу құбыры тартылып жатыр. 61 млн. теңгеге жобаланған нысан жұмысының бүгінде 70 пайызы аяқталған.

Бекболат Серікбекұлы ауданға жасаған жұмыс сапарын Есейхан ауылында қорытындылады. Ондағы жаңадан бой көтеріп жатқан 30 келушіге арналған дәрігерлік амбулаторияны көріп, құрылысқа жауапты «Ник-Тараз» ЖШС-нің өкілдерімен кездесті.

— Қазір негізгі жұмыстар аяқталды. Енді тек мекеме айналасын абаттандыру ісі, медициналық жабдықтарды жеткізу, орналастыру және ауыз су тарту ғана қалды. Ғимаратты ауыз сумен қамту оңай болмай тұр. Қазір арнайы аппаратпен бұрғылауды бастадық, — деген мердігер мекеме өкілдері барлық  екі апта көлемінде толық бітіретіндігін жеткізді.

 

Пікір қалдыру