• Валюта бағамы: USD 90.45 | EUR 12.09 | RUB 349.13 | CNY 175.65 |

Баға тұрақтылығы басты назарда

0

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов  әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бойынша 15 пайыздық үстемеақының сақталуына тұрақты түрде мониторинг жүргізуді міндеттеп отыр.

Осыған орай Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының мамандары тарапынан азық-түлік тауарларына сауда үстемеақысын 15 пайыздан асырған 19 сауда нүктесіне ескерту берілген.  Солардың бірі  Жамбыл ауданында орналасқан «Достар» сауда нүктесіне Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 204-4 бабына сәйкес ағымдағы жылдың 25 мамырында хаттамалық ескерту берілсе, 12 тамыз күні  әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемақысын қайта 15 пайыздан жоғары асырғандығы анықталып, 30 630 (10 АЕК) көлемінде айыппұл салынды.

-ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 204-4 бабына сәйкес әлеуметтік маңызы бар азық – түлік тауарларына сауда үстемесінің мөлшері өндірушінің босату бағасының немесе көтерме жеткізушінің сатып алу бағасының 15% — ынан аспайтын мөлшерде белгіленген. Бұл норма жыл ішінде екі және одан да көп рет бұзылған жағдайда шағын, орта және ірі бизнес субъектілері үшін тиісінше 10 АЕК, 75 АЕК және 300 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл көзделген. Бұл шара делдалдар тарапынан бағаны жасанды көтеруді болдырмауға мүмкіндік береді, — дейді Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының мамандары.

 

 

 

Пікір қалдыру