• Валюта бағамы: USD 88.32 | EUR 11.08 | RUB 348.14 | CNY 169.95 |

Облыс әкімі Еуропа қайта құру және даму банкінің басшылығымен инвестиция, несиелендіру мәселелерін талқылады

0

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов пен Еуропа қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) басшылығымен кездеcті. Кездесуде инвестиция, несиелендіру және облыстағы бірқатар ауқымды жобалар жайында айтылды.
Жиында Еуропа қайта құру және даму банкінің тұрақты инфрақұрылым департаменті директорының орынбасары Бахтиёр Файзиев банктің Қазақстандағы жалпы үлесіне тоқталып өтті. Бүгінде Еуропа қайта құру және даму банкі энергетика және тұрғын-үй, табиғи ресурстар, телекоммуникация, өндіріс, қызмет көрсету, жылжымайтын мүлік, туризм, сауда, агробизнес сынды экономиканың негізгі секторларына қолдау көрсетіп отыр. Соның ішінде жалпы қаржының 51 пайызы инфрақұрылымға 18 пайызы табиғи ресурстар және 17 пайызы энергетика саласына аударылған. Банк елдегі жетекші салаларға бас аяғы 295 келісім шарт жасаса, оның жалпы құны 9,6 миллиард евроға жеткен.
Басқосуда Еуропа қайта құру және даму банкінің мен Қазақстан Республикасы Үкіметі арасындағы әріптестікті күшейту туралы Келісім шеңберінде іске асып жатқан Тараз қаласын сумен жабдықтау жүйесін жаңғырту жобасының орындалуы талқыланып, Кәріздік тазарту құрылыстарын жаңғырту бағдарламасы туралы жөнінде айтылды.
– Еуропа қайта құру және даму банкінің «Жасыл қалалар» атты бағдарламасы қалаларды қолдауға бағытталған. Яғни, қаладағы экологиялық ахуалды жақсартуға жәрдемдеседі. Қазір осы бағдарламаға Еуразия мен Солтүстік Африкадан 56 қала еніп отыр,–дейді Бахтиёр Файзиев.
Аталған жиында облыс әкімі Нұржан Нұржігітов «Жасыл қалалар» бағдарламасы аясында Тараз қаласында да электрлі автобус жүргізу туралы ұсыныс жасады.
Өңір басшысы қорытынды сөзінде Еуропа қайта құру және даму банкімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеу облыс үшін маңызды екенін атап өтті. Екі тарап әрістестік байланысты нығайту туралы келісім жасасты.

 

 

Пікір қалдыру